Абстрактілерді ұсынуға қойылатын талаптар
Сосудистые хирурги
Флебологи
Ангиохирурги
и многим другим
Тоқан Анарбекұлы Сұлтаналиев
Ізгі құрметпен, Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының және Қазақ флебология қоғамының Президенті
Қымбатты әріптестер! 2023 жылғы 26-27 мамырдағы Алматы қаласындағы «Қан тамырлары хирургиясының өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының IV съезінің Ғылыми Бағдарламасын құрастыру бойынша жұмыс басталуда. Абстрактілер 2023 жылдың 10 ақпаны мен 10 сәуірі аралығында Съездің ресми парақшасындағы жеке кабинетте қабылданатын болады. Электрондық пошта арқылы жіберілген материалдарға жол берілмейді. Қоса тіркеліп отырған абстракт форматын пайдалану ұсынылады.

Форматқа сәйкес емес және 9 сәуірден кешіктіріліп берілген абстрактілер қабылданбайды. Сәуірдің 9-ы мен 24-і аралығында сарапшы қан тамырлары хирургтар Съезд үшін ең жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді іріктеп алады. Іс-шараның қорытындылары бойынша Съезд материалдары қамтылған жинақты шығару жоспарлануда, ал олардың бір бөлігі тізбесі қоса тіркеліп отырған секциялық отырыстарда баяндамалар түрінде ұсынылатын болады. Баршаңызға абстрактілеріңіздер бойынша табысты жұмыс тілеймін!
ПРИЕМ АБСТРАКТОВ ОСУЩЕСТВЛЯЕТСЯ ДО 10 апреля 2023
Абстрактілер 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады
Өлшемшарттар
Автор немесе авторлар тобы бере алатын абстрактілердің саны шектелмеген. Жұмыстарын Ғылыми комитеттің қарауына берген барлық авторлар сайтта Жеке кабинетте электронды тіркеу рәсімінен өтулері тиіс.
Абстрактілерді рәсімдеу
  • Материалдар электрондық нысанда, Microsoft Word форматында ұсынылады.
  • Бағдары – кітаптық.
  • Times New Roman қарпі.
  • Абстрактілер тек бір кестені және бір ғана графикалық элементті (сурет немесе графикті) қамтуы мүмкін.
  • Қаріп өлшемі абстракт бөліміне байланысты (үлгітүрді қараңыздар)
  • Таңбалар саны — ҚАТАҢ кем дегенде 2000 және бос аралықсыз 3000 таңбадан аспауы тиіс. *Таңбалар санына абстракт атауы, абстрактінің денесі, кестелер мен суреттер қосылған
  • Әріп сызбасы — қалыпты; қалың немесе курсив, тек үлгітүрде көрсетілген жерлерде ғана
  • Басқа зерттеулерге сілтемелерді ұсынуға рұқсат етілмейді.
  • Оң және сол жақтағы жиектер — 1,5 см, төменнен және жоғарыдан — 2,0 см.
  • Бетті нөмірлеуді жасамаған жөн.
  • Сөз тасымалын өшіріп тастау қажет.
  • Бірнеше абстрактті беру болжалатын болса, оларды әртүрлі құжаттарға бөлу қажет. Әр файлда — бір абстракт.
Абстрактілер қосымша редакцияланбайды, сондықтан соңғы нұсқаның түзетілуіне жауапты болуларыңызды сұраймыз (қателер, тыныс белгілері және т.б.). Материалдарды жібермес бұрын тіркеу ережелерімен және үлгітүрмен мұқият танысып шығуларыңызды сұраймыз.
Ұсынылатын құрылым:
  • сессия тақырыбы
  • кіріспе/зерттеудің мақсаты
  • айдар
  • материалдар мен әдістер
  • абстракт атауы
  • нәтижелер
  • авторлар
  • кестелер/суреттер/графиктер (бар болса)
  • қосылулар
  • қорытынды
  • түйінді сөздер
  • алғыстар/қаржыландыру көздері
  • абстрактінің денесі
Назар аударыңыздар! Талаптардың бұзушылығымен рәсімделген абстрактілер қаралмайды. Ұйымдастыру комитеті абстрактілер мәтінін жұмыстың мағынасын бұзбай редакторлық түзету құқығын өзіне қалдырады.
+7 (776) 609 66 99
info@vascularcongress.kz
Қазақстандық қантамыр хирургтары қоғамының IV съезі